Шіркеудің садақа жәшігіндегі ақшаны жымқырған ақмолалық ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны шіркеудегі садақа жәшігіндегі ақшаны жымқырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 28-де Шортанды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне шіркеудің 29 жастағы қызметкері хабарласып, сәуірдің 21-де белгісіз біреу православ шіркеуінінің ішіне терезені бұзу арқылы еніп, қайырымдылық жәшігінен 20 мың теңге ақшаны жымқырып кеткенін айтқан.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 бөлігі «ұрлық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Анықталғандай, күдікті ретінде 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өзінің қылмысын мойындап, ұрлаған ақшаны жеке мұқтажына жұмсағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар