Шілденің соңына қарай еліміздегі екінші деңгейлі банктердің экономика саласына несиелік салымы 11 пайызға артқан

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ Ағымдағы жылғы шілде айының соңына таман еліміздегі екінші деңгейлі банктердің экономика саласына несиелік салымы 8 трлн. 79,6 млрд. теңгені құраған.

 Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға артық. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылғы  тамыздың 1‑індегі жағдай бойынша мемлекеттік бюджет түсімдері   2 трлн. 66,4 млрд. теңгені, шығыстары  2 трлн. 168,4 млрд. теңгені құраса,  бюджет тапшылығы  102,0 млрд. теңге шамасында болған.  2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда түсімдер 2,1 пайызға, ал шығыстар 2,7 пайызға өскен. 2009 жылғы I тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 317,1 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Бұл былтырғы деңгейден 73,1 пайызға төмен болып, пайдалылық деңгейі 8,8 пайызға жеткен.

Бұдан басқа, есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 50,8 пайызды құраған. Ал екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына несиелік салымдары 2009 жылғы шілденің соңына 8 трлн.79,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға артты. Ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы - 83,4 пайыз, шетелдік валютадағы несиелер 52,1 пайызға тең болды. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 6 трлн. 284,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті айға қарағанда 35,7 пайызға артық көрсеткіш. Мұндағы жеке  тұлғалардың депозиттері 10,8 пайызға артып, 1 трлн. 629,1 млрд. теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар