Шілденің 5-інде Мемлекет басшысының қатысуымен «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы ашылады

None
None
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астана күні қарсаңында, шілденің 5-і күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтеді,

деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Орталық ашылғанға дейін ондағы барлық сауда орындарының 82 пайызы жұмыс істейтін болады. Бұл орайда шілденің 1-іне дейін өз сауда нүктелерін ашатын жалдаушылар шілде-тамыз айлары үшін жалдау құнынан босатылады.

Ашылу рәсімі сағат кешкі 10-да басталып, еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақ халқының мәдениетін, болмысын көрсететін «Көшпенділер» театрландырылған 35-40 минуттық шеру өтеді. Осыдан кейін ұлттық мәдени орталықтардың би ұжымдары мен балет әртістері дайындаған 15 минуттық «Күн адамдары» қойылымы ұсынылады. Бағдарламаның келесі бөлімі есімі әлемге әйгілі танымал және классикалық әндерді нақышына келтіре орындаушы Андреа Бочелидің концертіне ұласады. Ресми ашылу аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы қала күнінің құрметіне орай мерекеге келген қонақтарды, еліміздің мемлекет қайраткерлерін осы орталықта қабылдайды.

«Хан Шатыр» орталығы барлығы 7 қабаттан тұрады. Оның ең жоғары қабатындағы аквасаябақта 2 олимпиадалық бассейн және жағажай орналасқан. Тереңдігі 160 см болатын бассейннің жағажайына төселетін құм арнайы шетелден әкелінген. 6-шы қабатта Фитнес орталығы, одан төменгі қабатта SРА салондары мен түрік моншалары, 4 секторда Фастфуд және балаларға арналған ойын алаңдары, одан кейінгі екі қабатта дүкендер мен кино залдар орналасатын болса, орталықтың жер астындағы бөлігінде автотұрақ орын теппек. «Хан Шатыр» орталығы әлемдегі шатыр пішіндес құрылыстардың ең биіктерінің бірі болмақ.

Соңғы жаңалықтар