+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Шілдеден бастап мемқызметшілердің жалақысы қалай өседі

2019 жылғы 14 наурыз 12:19
Бөлісіңіз:
Шілдеден бастап мемқызметшілердің жалақысы қалай өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге 170 млрд теңге бөлмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэфицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», - дейді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Парламент Мәжілісінің ҚР 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауға арналған отырысында.

Оның айтуына қарағанда, орташа есеппен айлық 25 пайызға, ал мамандардың жалақысы 25-30 пайызға, бөлімше басшыларының айлығы 10-15 пайызға өседі.

Вице-министр өз сөзіне қарағанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге қатысты жұмыс жүргізіп жатқанын баян етті.

«Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері бойынша белгілі бір ерекшеліктер бар. Жауапты органдар бүгінгі талқы барысында ол мәселе жайлы баян ететін болады», - дейді Татьяна Савельева.

Еске сала кетсек, Президент «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT