Шілдеден бастап электронды көлік картасын автобуста толтыруға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап елордада қоғамдық көліктерде жолақысын төлеу үшін пайдаланатын электронды көлік картасын киви терминалдары арқылы комиссиясыз толықтыруға болады. Сонымен бірге, жолаушылар карталарын автобус жүргізушісінен сатып алып және толтыра алады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана ЛРТ» ЖШС директоры Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, 1 шілдеден бастап жолаушылар көлік карталарын Киви терминалдары арқылы қосымша төлемсіз толтыра алады.

«Бүгінгі күні Киви және каспий терминалдары 15 банкпен интеграцияланған. Біздің жоспарымызда сараланған тариф енгізілгенге дейін бұл қызметтерді кең ауқымда іске қосу көзделген. Көлік картасы бекітілді, енді бірқатар мәселені 1 шілдеге дейін шешеміз», - деді ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде картаны терминалдар арқылы толтыру мәселесі тестік режимде жұмыс істеп бастады.

«Бұл мәселені 27  маусымға дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен бірге көлік картасын автобустың ішінде жүргізушіден сатып алуға болады. Бұл қызмет те 1 шілдеден бастап іске қосылады», - деді ол.

Бұған қоса компания басшысы қосымша 500 мың көлік картасы сатылып алынғанын атап өтті. Айта кетейік, бүгінде Астанада 2000-нан астам киви терминалы бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЛРТ» компаниясы сараланған тариф енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, сараланған тариф енгізілгенде қоғамдық көлікте жүру жолақысы картамен төлем жасайтындар үшін құны бұрынғыша 90 теңге күйінде қалады. Ал қолма-қол төлем жасаушылар үшін 180 теңге болады деп жоспарланып отыр. Бір сағат ішінде басқа автобустарға қайта міну тегін болып сақталады. Сондай-ақ, Экспресс бағдарлар (тез жүретін қоғамдық көлік) әлеуметтік манызды болып табылмайды. Сол себепті картамен жүретіндер үшін 180 теңге, ал қолма-қол есеп айырусуда 250 теңгені құрайтын болмақ. 

Соңғы жаңалықтар