Шілдеде өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің бағасы өзгеріссіз қалды - Статистика

None
None
АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың шілде айында еліміздің өндіруші кәсіпорындары өнімдерінің бағасы маусым айымен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігі жариялап отыр.

Ағымдағы жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі баға 0,1 пайызға төмендеп, ал олардың жоғарлауы электр энергиясын, газ бен суды өндіруде және бөлуде - 0,2 пайызға жоғарылауы тіркелді, сонымен қатар кен өндіру өнеркәсібіндегі баға бұрынғы деңгейінде сақталды.

Ай ішінде бағаның пеш отынына - 8,4, мұнайға - 0,8, табиғи газға - 0,6 пайызға жоғарылауы, керосинге - 12,2, газ конденсатына - 3,6, бензинге - 2,1, отындық мазутқа - 0,2 пайызға төмендеуі байқалды.

Сонымен қатар бір айда баға қымбат металдарға - 2,5, қорғасын, мырыш және ферроқырытпаларға - 0,3 пайыз жоғарылап, өңделмеген алюминий мен мысқа - 5,2, қара металдарды прокаттауға - 0,7 пайыз төмендеді.

Соңғы жаңалықтар