+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шілдеде Қазақстанда жасалған 50 өкпені жасанды желдету аппараты ауруханаларға жеткізіледі

2020 жылғы 11 шілде 13:15
Бөлісіңіз:
Шілдеде Қазақстанда жасалған 50 өкпені жасанды желдету аппараты ауруханаларға жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жыл соңына дейін ауруханалар өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәрілік заттарды, медициналық өнімдерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын өндіруге қатысты өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержановтың айтуынша, қазіргі уақытта 3 мың дана өкпені жасанды желдету аппараты керек.

«Елордалық «Барк Текнолоджи» ЖШС және «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС айына 550 дана құрылғы шығаруы керек. Қажет болған жағдайда Орал және Шымкенттегі зауыттарды іске қосу керек», - дейді Аманияз Ержанов.

Қазіргі уақытта Қытай мен Түркиядан сынап көру үшін аппараттар әкелінді.

«Аппараттың бір бөлігі Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды, екінші бөлігі бүгін тапсырылады. Сынақтан жақсы өтсе кәсіпорындар сондай аппарат шығаруға кіріседі. «Тыныс» АҚ шілде соңына дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге 270 өкпені жасанды желдету аппаратын береді. Бұл кәсіпорында айына 500 аппарат шығаратын қауқар бар. Қазақстандық кәсіпорындар жыл соңына дейін өкпені жасанды желдететін 4 930 стационарлық және 2 695 мобильдік аппарат шығара алады», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT