+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шілдеде еңбек нарығындағы ахуал түзеледі - Нұрымбетов

2020 жылғы 2 маусым 09:38
Бөлісіңіз:
Шілдеде еңбек нарығындағы ахуал түзеледі - Нұрымбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың наурыз-сәуір айында елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда қаласының әкімі мембағдарламалардың ауылдарда орындалуын тексерді Еңбек министрі пандемия кезінде қанша адам жұмыссыз қалғанын айтты Жұмыспен қамту жол картасы: Биыл елордада 15 мың жұмыс орны ашылады

«Коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты еңбек нарығындағы ахуал күрделі болды. Наурыз-сәуір айларында болжам бойынша табыссыз, жұмыссыз қалған азаматтар саны 4 миллионнан астам болды. 20 сәуірден бастап карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға дейін төмендеді деп болжап отырмыз. Үкімет тарапынан экономиканы жаңғырту, бизнесті қолдау, оның ішінде жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңінен көздеу нәтижесінде шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу мүмкін деп санаймыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі 6,1 пайызды құрауы ықтимал.

«Жалпы биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған экономиканы, бизнесті қолдау шараларының барынша жұмыс орындарын сақтап қалу мүмкіндігі және барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті толығымен пайдаланылатын болады. Оның ішінде жаңа Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 255 мың жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5 300 жобасы басталып, 103 мың жұмыс орнына 91 мың адам тартылды. Оның 35 пайызы – жастар», – деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT