Шілдеде елордада Ислам Давосы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының қоры арнайы келісімге қол қойды. Аталған келісімге сәйкес шілде айының басында елордада XIV Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастады. Елбасының шешімімен қаржы орталығының халықаралық таныстырылымы шілденің 4-5 күндері өтеді. Оның ішінде 4 шілдеде «Астана» ХҚО-ның тұсаукесері аясында 14-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын өткізуге уағдаластық. Оны біздің әріптестеріміз Ислам Давосы деп те атайды. Жүздеген халықаралық сарапшы, бизнес капитандары, ислам қаржысы индустриясының, ислам экономикасының көшбасшылары Қазақстанға келіп, өздерінің жетістіктері жайында айтып, тәжірибелерімен бөліседі деп күтіп отырмыз», - деді қол қою рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қайрат Келімбетов.
null 

Оның айтуынша, бұған дейін Ислам Давосы саммиттері Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктерінде, сонымен қатар Ұлыбританияда өткізілген.
null 

«Біз Орталық Азияда, осы өңірде қаржылық хабтың, оның ішінде исламдық қаржыландыру саласында бүкіл еуразиялық кеңістікте көшбасшысы болғымыз келеді. 200 миллион адамдық нарық исламдық қаржы индустриясы үшін зор болашақ деп есептейміз. Бүгінде сәйкесінше, заңнамалық актілер қабылдап, исламдық қаржыландыру бойынша кеңес құрдық», - деді ол.
null null null 

Соңғы жаңалықтар