Шілде айының басында 3 өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
2022 жылғы 28 маусым 22:05

Шілде айының басында 3 өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпрат – Қазгидромет бірнеше өңірде шілде айының басында құрғақшылық болады деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазгидромет Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауатындығын болжаған еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT