Шілде айындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 34 мың 896 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ 2009 жылғы шілдеде халықтың орташа жан басына шаққандағы  атаулы ақшалай  табыстары, алдын ала деректер бойынша, 34 мың 896 теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш  өткен жылғы  тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,3 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, жұртшылықтың нақты ақшалай табыстары 2,3 пайызға өскен. Сонымен бірге, 2009 жылғы шілдеде орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша әдеттегідей Астана, Алматы қалалары және Атырау облысы алдыңғы қатарда болып, бұл бойынша көрсеткіш аталған өңірлерде орташа республикалық деңгейден 1,8-2,2 есе артқан.

2009 жылғы шілдеде табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарын жатқызуға болады. Осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейдің  орташа 71,1 пайыз және 75,0 пайызын құрады. Сонымен бірге, Жамбыл және Ақмола облыстарында халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны байқалды.  2009 жылғы шілдеде өңірлер бойынша атаулы ақшалай  табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы қатынас 3,1 есені құрады (2008 жылғы шілдеде - 3,3 есе).

Соңғы жаңалықтар