Шілде айында Өзбекстанға барған туристердің үштен бірін қазақстандықтар құрады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның туризм саласы қайта қалпына келуде, шілдеде шетелдік туристер ағынының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе өскенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпара меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің деректері бойынша, 2022 жылғы шілдеде Өзбекстанға туристік мақсатта 540,7 мың шетел азаматы барған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 359,8 мың адамға, яғни 3 есеге көп.

Шетелдік туристің үштен бір бөлігін (181,8 мың адам) Қазақстан азаматтары құрады. Сондай-ақ туристердің үздік үштігіне Өзбекстанмен көршілес елдер Тәжікстан (143,4 мың турист) мен Қырғызстан (126,3 мың) кірді.

Ресей Федерациясынан келген қонақтар саны 61,6 мың адамды құрады. Алыс шетелдерден 27,6 мың турист келді, оның ішінде Түркиядан - 6,8 мың қонақ, Оңтүстік Кореядан – 2, 2 мың, Германиядан - 1,5 мың, АҚШ-тан - 1,3 мың адам келген.

Бұған дейін Өзбекстан 10 маусымнан бастап коронавирус пандемиясына байланысты республикаға келгендерге барлық шектеулерді алып тастағаны туралы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар