+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

2020 жылғы 29 маусым 10:29
Бөлісіңіз:
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шілде айында Қазақстан азаматтары әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне қоса тағы 2 күн демалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері болып саналады.

Биыл елорда күні - 6 шілде дүйсенбіге келіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалады.

Мұнан бөлек, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні демалыс саналады. Ал биыл бұл мереке шілде айының 31-іне, жұма күніне тұспа-түс келіп тұр.

Демек, шілде айында қазақстандықтар жалпы 10 күн демалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT