Шикізаттық емес экспорт көлемі 15,7 млрд долларға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2018 жылы атқарылған істер бойынша ел алдында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр өзіне қарасты органның жұмысында «қарапайым заттар» экономикасын дамытуға көп көңіл бөлінгенін атады.

«Саланы жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету үшін бөлінген 600 млрд теңгенің 400 миллиарды қайта өңдеу өндірісіне бағытталды. Осының арқасында өнеркәсіп тауарын өндіретін 250 нысан іске қосылды. Бұл тауардың барлығын қазақстандықтар күнделікті тұрмысында пайдалана бастады. Жеңілдетілген несиелердің көмегімен 2025 жылға қарай 16 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Осылайша «қарапайым заттар» экономикасындағы импорттың үлесін 59 пайыздан 37 пайызға түсіруге болады, - дейді ол.

Роман Скляр экспорттың артып келе жатқанын да атады. 2018 жылы шикізаттық емес экспорт көлемі 15,7 млрд долларға жеткен.

«Қазақстан өндірушілері 120 елге 800 тауар экспорттайды. Оның ішінде мұнай, мырыш, мыс, алюминий, уран сияқты қазба байлықтарынан бөлек аккумолятор сияқты дайын өнімдер де бар. Ал Біріккен Араб Әмірліктеріне бал экспорттау жолға қойылды. Қытайға етпен бірге отандық балмұздақ экспорттап келеміз», - деді Роман Скляр.

Соңғы жаңалықтар