Шикізат секторы өңдеу өнеркәсібінің ресурстық базасы болып қала береді - Тимур Жақсылықов
2022 жылғы 23 маусым 09:47

Шикізат секторы өңдеу өнеркәсібінің ресурстық базасы болып қала береді - Тимур Жақсылықов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шикізат секторы өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстық база болып қала береді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Екінші маңызды драйвер – қызмет көрсету секторы. Фокус өңірлік және жаһандық жеткізу тізбектеріне тиімді интеграциялау үшін қажетті инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ стратегиялық маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін технологиялар трансферті мен кәсіби құзыреттерді дамытуға шоғырландырылатын болады. Мемлекеттің қатысуы қоғамның тыныс-тіршілігінің тұрақтылығы үшін стратегиялық және маңызды әлеуметтік саладағы жобаларда басым болады», - деді ол 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасын таныстыра келе.

Оның атап өтуінше, ел экономикасындағы үлкен үлеске байланысты шикізат секторы инвестициялар ағынының маңызды бағыты, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ресурстық база болып қала береді.

«Бұл жерде негізгі салаларды дамыту үшін жалпы жүйелік жағдайлар жасауға, оның ішінде жаңа қайта бөлуді дамытуға, негізгі құралдарды жаңғыртуға, технологиялар трансфертіне, тиімділік пен экологиялылықты жақсартуға баса назар аударылатын болады. Осы бағытта мемлекеттік қолдау тек деңгейлес шараларға ғана көзделетін болады: инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, жер қойнауын пайдалану құқығы, мемлекеттік кепілдіктер», - деді Тимур Жақсылықов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT