+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Шикізат қорына үміт артпай, өзіміз өнім өндіруіміз қажет – депутат

2020 жылғы 28 шілде 12:39
Бөлісіңіз:
Шикізат қорына үміт артпай, өзіміз өнім өндіруіміз қажет – депутат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев импортқа тәуелділікті азайтып, отандық өнім көлемін арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індеті бүкіл әлемді өзіне қаратқан тарихи оқиға болып тұр. Ол адам шығыны мен қатар экономикаға өз зардабын тигізуде. Пандемия кезінде көптеген елдердің экономикалық проблемалары айқындала бастады, оның ішінде біздің елде бар. Яғни, карантин мен төтенше жағдай елдегі проблемаларды көрсетіп берді. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізді. Әрине ол проблемалар пандемияның кезінде ғана пайда болған, бұрыннан бар тек пандемия кезінде ол үдейе түсті. Ал біздің экономикамыздың алғашқы проблемасы оның шикізат және мұнай ресурстарына тәуелділігі. Біз үнемі шикізат қорына үміт артып отырмауымыз керек, өнімдерді өзіміз өндіруіміз қажет. Елді қарапайым затпен қамтамасыз ету үшін оны шетелден сатып аламыз. Біз ендігі уақытта өзіміз өндіруіміз қажет, себебі пандемия кезінде шекаралар жабылып қажетті дүние тапшылығын көрдік», - деді Нұржан Әлтаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігінде өткен онлайн конференция барысында.

Халық қалаулысының пікірінше, алдымен ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет.

«Біз өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, алдымен елге қажетті деген өнімдерді шығаруымыз тиіс. Пандемия кезіндегі екінші мәселе ол жемқорлық пен ашкөздік. Төтенше жағдай кезінде бірігіп ел болудың орнына кейбір монополиялық ұйымдар бағаны көтеріп, қолдан тапшылық жасады. Бұның артында сыбайлас жемқорлық тұр. Және бұл сұрақ экономикаға тікелей қатысты», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT