Шикізат емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ алдына 2025 жылға қарай шикізат емес экспорт көлемін 1,5 есе ($21,8 млрд доллар) ұлғайту міндеті қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін Министрлік өнімдері әлемнің 60-тан астам еліне экспортқа бағытталатын 180 кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр.

Осылайша, Қазақстан ферроқорытпалар экспорты жағынан әлемдегі екінші елге айналады (1-орында АҚШ).

Тұз-қышқылмен ыдырату әлісі қолданылатын күрделі тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдегі бірінші ел боламыз.

Қазақстан «КАМАЗ» ЖАҚ және HYUNDAI компанияларының жаһандық өткізу тізбегінің бір бөлігіне айналады.

Сондай-ақ, қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады. Бұл ретте отандық компоненттерді (бампер, дискілер, резеңке кілемшелер, аккумуляторлар) өндіру есебінен жергілікті қамту үлесі 50%-ға жетеді.


Соңғы жаңалықтар