Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту жайлы шешім қабылдады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Енді үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтізбелік күнде емес, 8 жұмыс күнінен кейін берілетін болады», - делінген хабарламада.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды беру құжатын беру мерзімі де 15 күнтізбелік күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың  сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу жұмыстары да енді 10 жұмыс күні орнына 5 жұмыс күні ішінде орындалатын болады.

Соңғы жаңалықтар