Шиелідегі электр іркілісіне не себеп - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында соңғы уақытта электр жарығының жиі сөнуі байқалды. Бұған байланысты тиісті сала мамандары түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан тұрғындары электр жарығының жиі сөнуі туралы мәселе көтеріп келеді. Оған не себеп?

Елімізде электр энергиясын диспечерлік реттеу жұмыстарымен негізінен KEGOC акционерлік қоғамы айналысады. Әр ауданға электр қуаты негізінен өзінің тапсырысы бойынша беріледі. Қазір ауданның электр қуатын пайдалану мөлшері тапсырыстан асып кеткен.

Сол себепті тікелей акционерлік қоғам тарапынан орталық диспечерлік пунктке тікелей тапсырма берілген. Жарық белгілі бір уақытқа өшірілген. Сол шектеулер негізінен 5-6 қазан күндеріне сәйкес келген. Алдағы уақытта бұл қалай шешілетінін нақты айта алмаймын. Әзірге бізге ешқандай хабарлама келген жоқ», - деді Шиелі ауданындық электр торабының бастығы Нұржан Ахметов.

Оның айтуынша, аудан ішіндегі трансформаторлардың жағдайы қанағаттандырарлық. Аудан орталығында 70 пайызға дейін жаңарған электр желілері бар.


Соңғы жаңалықтар