Шиеліде жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті

None
None
ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Mercedes-Benz 200» автокөлігі толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 15 қыркүйекте сағат 22:00-дер шамасында болды. Сол уақытта Шиелі ауданы № 13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне «Шұғыла» шағын ауданында көлік өртеніп жатқаны хабарланған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен 5 қызметкер барды. Онда 1993 жылы шыққан «Mercedes-Benz 200» маркалы автокөлігі толығымен өртеніп кеткені анықталды.

Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында тұрғын үй ауласындағы көліктің өртеніп кеткені жазылған еді.


Соңғы жаңалықтар