+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Шиеліде өнерді ұлықтаған мәдени шара өтті

2019 жылғы 22 тамыз 07:23
Бөлісіңіз:
Шиеліде өнерді ұлықтаған мәдени шара өтті

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Этноауыл-2019» мәдени ұлттық шарасының аясында «Өткенін ұлықтаған, дәстүрін ұмытпаған - Шиелі» тақырыбында мәдени шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Серік Ақсұңқарұлы: Қазақтың ұлттық коды – қара өлеңде! Абай ауданында Тоқтамыс Лақаұлына еңселі ескерткіш орнатылды «Рухани жаңғыру»: Қарағандылық музыканттар көшпелі концерттер өткізуде

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Онда ұлттық өнерді дәріптеген көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Аудан орталығы - Шиелі кентіндегі Ы.Жақаев атындағы саябақта өткен мәдени шарада киіз үй тігілді. Сол аумақта ұлттық ойындар ойналды. Жиналған ұртшылыққа қазақтың ұлттық тағам түрлері жастарға үйрету барысында дайындалды. Ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, олардан барша жұрт дәм татты.

Аудан жастары алтыбақан ойнап, әуелетіп ән салды. Жергілікті бишілер мың бұрала би билеп, күйшілер күмбірлете күй төкті. Аудан тұрғындары қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін қызықты қойылымның куәсі болды. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақ халқының бейнесін аша түсетін қолөнер бұйымдары мен рухани байытатын кітаптар көрмеге қойылды.

Бұдан бұрын Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT