+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Шиеліде Нартайдың мұрасын насихаттаушы мәдениет қайраткерін еске алу кеші өтті

2019 жылғы 24 қазан 05:40
Бөлісіңіз:
Шиеліде Нартайдың мұрасын насихаттаушы мәдениет қайраткерін еске алу кеші өтті

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Шиелі ауданында белгілі жырау, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Құрманбек Бекпейісті еске алу кеші болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық жас жыраулар Бакуде жүлделі болды

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Құрманбек Бекпейіс 1965 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жастайынан ән-жырға әуестеніп, қазына артқан керуен жырдың көшін өрге сүйреді. Түрлі терме, дастан, толғау жазып, ұлттық өнердің ұлықталуына өлшеусіз үлес қосқан. Облыстық, республикалық, халықаралық жыршы, термешілер байқауында бірнеше дүркін жеңімпаз атанды. Мәдениет майталманы ретінде аудандағы айшықты шараларға ұйытқы болып, «Нартай» өнер мектебі мен «Жас дәурен» халық ән-би ансамбліне жетекшілік етті.

Өнер кешінде елімізге белгілі ақындар Иранғайып Күзенбаев, Мейірбек Сұлтанхан, Ержан Әмір жырауға арнау айтты. Аталмыш шара барысында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қызметкері, жырау Майра Сәрсенбаева Құрманбек Бекпейіс туралы естеліктер айтып өтті.

Өнер шарасында Құрманбек Бекпейістің сөзіне жазылған «Бір тал сабан», «Сағынышым-саңлағым», «Ботабайымсың», «Көктем», «Киелі Шиелі» әндерін аудан өнерпаздары орындады.

Сондай-ақ, Қызылордада Әбділдә Тәжібаев мұражайы жаңа мұрағаттармен толығады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT