Шиеліде кәсіпкер 20 мың түп алма ағашын екті

None
None
ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің тұрғыны Көбей Дәулетов 10 гектар жерге 20 мың түп алма көшетін отырғызды. Алма бағына тамшылатып суару әдісі пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тас жолының бойындағы «Оқшы ата» кесенесіне қарама-қарсы беттен алма бағын өсіруді қолға алды. Көбей Дәулетовтің айтуынша, қазір жалқаулыққа бой алдыруға болмайды. Осындай орайлы істер арқылы туған жерді түлетуге мүмкіндік бар.

Сыр өңірінде бұрынғы жылдарда жеміс-жидек шаруашылықтары болған еді. Дегенмен беріде ол шаруашылықтар өз жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан алма, өрік секілді жеміс-жидек түрлері сырттан тасымалданып келеді. Көбей Дәулетов сол олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар