+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Шиеліде кәсіпкер 10 гектарға 20 мың түп алма ағашын отырғызды

2019 жылғы 17 тамыз 09:23
Бөлісіңіз:
Шиеліде кәсіпкер 10 гектарға 20 мың түп алма ағашын отырғызды

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылының тұратын кәсіпкер Сейітқазы Әлібаев екі жыл бұрын 20 мың түп алма ағашын еккен еді. Алма ағашы алдағы жылы алғашқы өнімін бере бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 300 шаруа жеңілдетілген несие алады - Құмар Ақсақалов Жамбылдықтар қосалқы шаруашылықтарын дамытуда Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті

Аталмыш игілікті шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Бағдарламада «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсетілген.

Қазіргі таңда кәсіпкер 10 гектар жерді құрайтын аумаққа отырғызылған алма ағашы нан алдағы жылы өнім алуға ниет жасап отыр. Кәсіпкер бұл мақсатта 2017 жылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 6,5 млн теңге несие алды.

«Бастапқыда жалға алған жеріміздің арам шөбін отап, сексеуіл мен жыңғылдан тазарттық. Осы аумақтан бақ жасауға көңіл бөлдік. Сол уақытта 20 мың түп алма ағашы көшетін ектік. Қазір бұл кәсіпті отбасымызбен бірге жандандырып келеміз», - деді кәсіпкер.


Кәсіпкердің жеміс бағында алманың «Голден делишен», «Ренет Симиренко» сорттары өсіріледі. Кәсіпкер 2020 жылы алма ағаштары келесі жылы алғашқы өнімін береді деп жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, биыл шиелілік тағы бір кәсіпкер Көбей Дәулетов 20 мың түп алма ағашын еккен еді .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT