Шиелі тұрғыны өз ауласында асылып қалды

None
None
ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны өзінің ауласында асылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарауынша, тексеру барысында оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

«Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға себептері анықталуда», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар