+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

2020 жылғы 9 сәуір 10:18
Бөлісіңіз:
Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында 7 адам «COVID-19» инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 18 оқушы коронавируспен ауырды – Білім басқармасы Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі - Маңғыстау Мысырдан ПТР анықтамасыз ұшып келген 2 елордалық әуежайдан қашып кетті

Ауру жұқтырғандардың бесеуі - Шиелі ауданында, біреуі - Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелген.

Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

9 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясына шалдыққан 92 адам бар:

Қызылорда қаласында – 10

Жаңақорған ауданында – 16

Қармақшы ауданында – 4

Шиелі ауданында – 52

Сырдария ауданында – 8

Арал ауданында - 2.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT