Шиелі ауданында ауа райы қолайсыздығынан мектептердің шатыры ұшып кетті

Фото: None
ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында ауа райы қолайсыздығынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда ауа райының қоалйсыздығы және қатты желдің әсерінен бірқатар елді мекенде электр жүйесінде ақау болды. Салдарынан электр энергиясымен қамтамасыз ету шектелуде.

«Тиісті сала мамандары тарапынан электр бағанасы мен трансформаторлар қалыпқа келтірілуде. Сондай-ақ, аталған табиғи жағдай салдарынан Бәйгеқұм, Ақтоған ауылдық округіндегі мектептердің, бірқатар жеке сектордағы үйлердің шатыры ұшып кеткен», - деп мәлім етті аудан әкімдігінен.


Ведомство мәліметінше, аудан әкімдігі жанынан осыған байланысты жұмысшы тобы құрылып, тиісті шаралар қабылдануда. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Еске садсақ, бұдан бұрын Шиелі және Жаңақорған аудандарында күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті.





Соңғы жаңалықтар