Шетсіз қала: Алматыда биыл 1,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан биыл Алматыда 1100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 5,3%-ға артық. Бұл туралы Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2 млн 396 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Оның басым көпшілігі қала сыртында салынады. 290 мың шаршы метр халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. Біз адам басына шаққанда 30 шаршы метр болатын жоспарға қол жеткізу үшін жұмыс істеудеміз. Өйткені бұл Алматы қаласының бас жоспарында қарастырылған», – дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, көпфункционалды тұрғын үй кешендерінде 8 523 пәтер, 1 235 жеке тұрғын үй және 3,2 мың шаршы метр жатақхана салынған.

«Шілде айында 1 590 пәтер және 167 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жылдың соңына дейін 8 277 пәтер және 752 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жыл соңына дейін тағы 5 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беріледі», - дейді Алмасхан Ахмеджанов.

Сонымен қатар, ол жақын арада 9 денсаулық сақтау нысаны мен Алатау ауданында теннис кортының құрылысы басталатынын айтты.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 12 900 орынға арналған 8 мектеп салынады. Бұдан басқа, қолданыстағы мектептерге 13 қосымша құрылыс нысандары салынады. Сондай-ақ 150 орындық балабақша салу жоспарланған. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 2 жеке мектеп салынады»,– деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар