Шетелге заңсыз ақша шығарудың жолын кесетін қаржылық топ құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелге қаражатты заңсыз аудару жағдайларының жолын кесетін халықаралық «Ekman» қаржылық тобы құрылды. Бұл туралы ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Халықаралық бірлестіктер «Ekman» қаржылық тобын құрды. Ол ұйым әлем елдерінің қаржылық барлау қызметтерінің барлығын қоластына біріктіріп отыр. Егер белгілі бір елден заңсыз түрде капитал аударылатын болса, онда ол шоттың иесіне өте қатаң шаралар қабылданады. Яғни, заңсыз аударылған ол қаражатты аталған ұйым ымырасыз арызданған мемлекеттің пайдасы үшін шоттан шешіп алуға дейінгі шараны қабылдауға қауқарлы», - деді Берік Шолпанқұлов бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетсек, былтыр Парламент Сенатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Уәлихан Ділдәбаев валюталық заңнаманы бұзғандарды жауапкершілікке тартудың қиындықтарын атаған болатын.

«Валюталық түсімді қайтармағаны үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК-нің тек бір ғана бабында қарастырылған. Алайда, осы баптың өзімен жауапкершілікке тарту проблемалы болып отыр. Себебі кінәлі адамның пиғылын дәлелдеудің қиындығы тұрғысында, баптың редакциясы осы құбылыспен толыққанды күресуге мүмкіндік бермейді», - деген еді Ділдәбеков валюталық бақылау мәселесіне арналған жиында.


Соңғы жаңалықтар