Шетелге шығуға рұқсатыңыз бар-жоғын Telegram арқылы тексеруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - @EgovKzBot мессенджерінде тағы да 4 қызмет іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді боттың көмегімен азаматтар мынадай қызметтерді ала алады:

- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат;

- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;

- шетелге шығу шектелген борышкерлер тізімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі бойынша шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексеру;

- тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет ала алады.

Онлайн режимде ақпарат алу механизмі өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді.

«Азаматтарға өз гаджетінде Telegram мессенджерінде қызметтер мен сервистерді пайдалану үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетінде өз телефон нөмірін байлау қажет. Бұдан әрі ботта іске қосасыз (іздеу жолына @EgovKzBot деп енгізу). Алдын ала анықталған командаларды жіберу арқылы қажетті қызметтер мен сервисті таңдау, қажетті деректерді енгізу және мобильді нөмірге жіберілген бір реттік паролді енгізу арқылы қызметтер мен сервисті алуды растау арқылы алуға болады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Бүгінгі күні Telegram-бот арқылы қолжетімді қызметтер мен сервистер саны 24-ке жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғарыда көрсетілген қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігі электрондық үкімет порталында ұсынылған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар