Шетелге демалуға шығатын қазақстандықтарды қорғау шаралары күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелге демалуға шығатын қазақстандықтарды қорғау шаралары күшейтілмек. Бұл шаралар ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қамтылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шығу туризмінде туристерді қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау ұсынылады. Туроператорлар ұйымдастырған шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін енгізу, сондай-ақ кепілдік беру сомаларын жинау және қайтару тәртібін регламент тәртібін енгізу жоспарлануда», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілісмендер алдында заң жобасын қорғай отырып.
Министр сонымен қатар заң жобасының көмегімен олжалық аң аулауды дамыту, фермерлік аңшылық шаруашылығының кәсіпкерлігін қолдау шаралары жоспарланғанын мәлім етті.
«Әлемдік тәжірибе кәрі жануарларды жоюдың ғылыми негізделген лимиті популяцияға депрессиялық әсер етпейтінін, ал кей жағдайларда оның өнімділігін арттыратынын дәлелдеді. Қазақстанда көптеген сирек кездесетін түрлер популяциясының қазіргі жағдайы тұрақталғанын айта кетуге болады», - деді ол.
- ШҚО-да 90-нан астам елді мекенді су басуы мүмкін
- Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді
- Елордалық шебер ерекше қуыршақтар жасайды
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
-
Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
-
Үстірт, Мұзтау, патшалар мекені: Қазақстандық саяхатшы ішкі туризмді дамыту жолдарын айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам