USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шетелдіктердің заң бұзуына қазақстандықтардың өздері көмектеседі - ІІМ

2021 жылғы 25 қазан 12:42
Бөлісіңіз:
Шетелдіктердің заң бұзуына қазақстандықтардың өздері көмектеседі - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 149 шетелдік Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Полиция қызметкерлері жылдың басынан бері елден шығару туралы сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген 149 шетелдікті анықтады. Олар елден мәжбүрлеп қуылды. Елден шығаруға жұмсалған қаражат сот тәртібімен шетелдікті шақырған немесе оның еңбегін пайдаланған тұлғаға полицияның шағымымен өндіріп алынады. Операция өткізілген уақытта мәжбүрлеп шығаруға жұмсалған шамамен 1 млн теңге өндіріп алынды», - деді ол Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, көші-қон ахуалына жүргізілген сараптама шетелдіктердің еліміздің аумағына заңды түрде келетінін көрсеткен.

«Алайда, кей жағдайда көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарына ауысып кетеді. Бұған көп жағдайда Қазақстан азаматтарының өздері көмектесіп жатады. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі - шетелдіктерді рұқсат құжатын алмастан жұмысқа тартуға байланысты», - деді Бауыржан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT