Шетелдіктердің Қазақстанда тұруына мүмкіндік беретін кәсіптер тізімі бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетел азаматтарының Қазақстанда тұру үшін ықтиярхат алуына мүмкіндік беретін кәсіптер тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында аталған министрлік 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұраныс бар кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Тізімге денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және т. б. салаларда сұраныс бар 21 кәсіп кірген.

Тізімде қамтылған кәсіптері бар шетелдіктер өздерінің төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат ресімдей алады.

Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі.

Сұраныс бар мамандықтар тізімі

1.

Дәрігер-нейрохируг

2.

Дәрігер-гематолог

3.

Дәрігер-онколог

4.

Дәрігер-неонатолог

5.

Дәрігер-эндокринолог

6.

Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

7.

Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

8.

Фармация инженер-технологы

9.

Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші

10.

Авиациялық инженер

11.

Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері

12.

Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер

13.

Лазерлік жабдық жөніндегі инженер

14.

Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

15.

Инженер-медициналық радиохимик

16.

Инженер-медициналық физик

17.

Тоқыма шикізатының классификаторы

18.

Бактериолог

19.

АТ инфрақұрылымының архитекторы

20.

Бағдарламалық қамтылым архитекторы

21.

Өндірістік оқыту шебері

(инженерия және инженерлік іс)


Соңғы жаңалықтар