Шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізумен айналысқан Пәкістан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізумен айналысқан Пәкістан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған тұлға 10 жыл бойы бірнеше заңды тұлғаларды тіркеу арқылы Қазақстанға шетелдік жұмысшыларды заңсыз шақыртумен айналысқан. Ол жалған визалық қолдау жасаумен айналысқан. 2002-2013 жылдар аралығында олар 1800 визалық шақырту жүзеге асырып, 95 шетелдік азаматқа жұмыс визасын ашып берген», - делінген хабарламада.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңды тұлғаларды тіркеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар орын алған. Нақтырақ айтқанда, басшылар туралы мәлімет, мекенжайы қате көрсетілген.

Алматы прокуратурасы жақында аталған 53 заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден шығару туралы шағым түсірген болатын.

Қалалық арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен прокуратураның арызы толығымен қанағаттандырылды.

«Осылайша қазақстанға заңсыз мигранттарды кіргізумен айналысқан канал жойылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар