Шетелдіктерді Қазақстандағы қандай нысандар қызықтырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда KITF 2019 туристік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл көрме Алматыда 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 25 елінен 350 туристік компания қатысуда.

Қалалық туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов хабарлағандай, былтыр Алматыға 1 миллионнан астам турист келген. Оның 365-і - Еуропа, АҚШ, Ресей саяхатшылары.
null

«Бұл көрсеткіш ЭКСПО мен Универсиада өткеніне қарамастан, 2017 жылғы деректермен салыстырғанда 3,2%-ға артық. Алматының туристік тартымдылығын арттыру үшін көп іс жасалып жатыр. Әсіресе, халықаралық туризм туралы сайттарда жиі жарияланып жатыр. Шетелдік туристердің көпшілігі Алматыны осындай сайттар арқылы тануда. Статистикаға сенсек, туристердің 37%-ы Алматы туралы ақпаратпен халықаралық сайттарда танысқан. 8%-ы ұзынқұлақтан естіп немесе әлеуметтік желі арқылы біліп келген. Қазақстанға еуропалық туристер көп келеді», - дейді Мақсат Қиқымов.
null null

Шетелдік туристер көбінесе көшпелі мәдениетті тану үшін әрі таулы аймақта демалу үшін келеді.

«Алматыда бұл жағынан барлық жағдай жасалған. Әуежайдан қаланың ортасына 20 минутта жетеді. Қаланың орталығынан тауға жеткенше 20 минут уақыт кетеді. Ішкі туризм 17%-ға артқан. Сондықтан, қала билігі тау кластерін дамытуға мүдделі. Алматыда барлық шаңғы жолдарының ұзындығын қоссақ, 46-ақ шақырым болады екен. Біз бұл көрсеткішті кем дегенде 456 шақырымға жеткізсек деп ойлаймыз. Қалада 2,5 мың мейрамхана, 128 сауда үйі, 50 базар, 19 музей, 20 театр бар. Шетелдік туристерді көбінесе экотуризм қатты қызықтырады», - деді ол.
null null

KITF 2019 көрмесі аясында 1200 меморандумға қол қою жоспарланған. Олардың көпшілігі қазақстандық туристік ұйымдардың арасында ішкі туризмді дамыту бағытында болмақ. Сонымен қатар, туризм саласын цифрландыру, медициналық туризм тақырыбында семинарлар жоспарланған.

Көрме 19 сәуірге дейін жалғасады.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар