Шетелдіктер бұдан былай ЖСН-ді онлайн рәсімдей алмайды
2022 жылғы 27 мамыр 11:10

Шетелдіктер бұдан былай ЖСН-ді онлайн рәсімдей алмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға уақытша келген шетелдік азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін оффлайн режимде рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ААҚ баспасөз қызметі шетелдіктер еліміздің кез келген қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, ЖСН ала алатындығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта бұл қызмет онлайн режимде қолжетімсіз. Шетелдіктер бұл қызметті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, онлайн режимде алуға мүмкіндігі бар», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат сауалына орай.

Айта кетерлігі, eGov сайтында қызметтің техникалық себептерге байланысты қолжетімсіз екендігі жазылған. Азаматтарға арналған үкімет келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, қызметтің таяу аралықта қолжетімді болатындығын атап өтеді.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT