Шетелдіктер үшін Өзбекстанда уақытша тіркелу құны арзандады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанға барған шетелдік туристер енді дербес онлайн тіркелуіне болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Шетелдік туристердің Өзбекстанға емін-еркін кіруін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарында тіркелу процедурасы жеңілдетілді. Ол үшін, Өзбекстан Министрлер кабинетінің 29 мамырдағы қаулысына сәйкес, Интернетте мамандандырылған электронды бағдарламаның көмегімен дербес тіркелуге жағдай жасалды», - деп мәлімдеді Мемлекеттік туризм комитетінің баспасөз қызметі.

Жаңа тәртіп бойынша, Өзбекстанға өздігінен келген туристер үш күннің ішінде Интернет арқылы баратын жерлерін көрсете отырып, ішкі істер органдарында тіркеле алады.

Бұдан тыс, қаулыға сәйкес, мемлекеттік баж, алым және басқа да салық емес төлемдерді шетелдік валютамен қабылдау тәртібі де өзгерді. Енді шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар 30 күнге дейін Өзбекстанда болатын күндерінің әр тәулігі үшін ең төменгі жалақының 2% мөлшерінде (3445 сум) төлейді.

Бұған дейін туристер, қанша уақытқа тіркелуінен тыс, 20 АҚШ доллары мөлшерінде төлейтін. Бұл өзгеріс, шетелдік туристердің қаржысын үнемдейді.

Өзгерістер ТМД елдерінің азаматтарын да айналып өткен жоқ. Бұрын, Өзбекстанға барған ТМД азаматтарынан 6 ай үшін 5 АҚШ доллары (40 129 сум) мөлшерінде төлем алынса, енді 30 күннің әр тәулігі үшін 3445 сум алынады. 

Соңғы жаңалықтар