Шетелдіктер қазақстандық ұйымдарға жылына 5 млрд теңге қаражат бөледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстанның донорлық тұрғыдағы ұстанымы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Донорлық - ең маңызды бағыттардың бірі. Қазақстан - қазіргі таңда Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша ЖІӨ-сі орташа деңгейден жоғары елдердің бірі. Осыған байланысты біздің мемлекет нетто-донор болып табылады. Демек, бөлінген донорлық көмектің деңгейі алынатын көрсеткіштен асып тұр. 2012 жылдан бастап біздің ел рейтингте 28 орынға көтерілді. Қайырымдылық көмек көрсету саласында яғни айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Мәліметтер базасындағы ҮЕҰ жобалық жұмысының талдау жұмыстары мынаны көрсетіп отыр: жыл сайын шетелдіктер шамамен ҮЕҰ-ларды 5 млрд теңгеге қаржыландырып отыр», - деді министр бүгінгі VIII Азаматтық форумда.

Оның айтуына қарағанда, 200-ге тарта ҮЕҰ-ға шетелдерден қаржы бөлінеді. Ол қаражаттың 70 пайызы - АҚШ пен халықаралық ұйымдарға тиесілі.

«Әлемдік тренд орта классты көмек көрсетуге тартуға саяды. Әлемдік баяндамаларға сенсек, 2030 жылға қарай ол классқа шамамен 2,5 млрд адамдай араласатын болады. Егер орта класстың әрбір өкілі өз табысының 0,5 пайызын қайырымдылыққа жұмсаса, онда әлем азаматтық қоғамға шамамен 319 млрд АҚШ долларын аударар еді. Қазіргі таңда министрлік Үкіметтің тапсырмасымен қайырымдылық пен донорлыққа қатысты жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат - қоғамдық ерікті донорлық жолына деген кедергілерді алып тастау болып табылады. Бұл бағыт азаматтық мәдениеттің бір бөлігі ретінде қалыптасуы керек», - дейді ол.null 

Министр, сонымен бірге, Қазақстанда бүгінгі таңда 53 халықаралық ұйым, 77 шетелдік үкіметтік емес ұйым мен қор жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етті.

«Негізгі тенденция: Қазақстандағы көмектің дамуын қаржыландыру деңгейі төмендеп келеді, алайда донорларды қаржыландыру артты. Бұған донорлық ресурстардың белгілі бір көрсеткіштерге жетуді көздеуі себеп болуда. Қазақстан қазіргі таңда бүкіл Орталық Азиядағы методологиялық орталық бола алары айқын. Қазақстан шетелдік донорлық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге дайын. Бізге мемлекет, донор мен қазақстандық бизнес секілді үш тараптан үшжақты ынтымақтастық керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII азаматтық форум өтті. Шара ертең де жалғасады.

 

Соңғы жаңалықтар