Шетелдіктер Қазақстанда тұрақты тұру үшін баж салығын төлеуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығы енгізілмек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстыру барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көші-қон процестерінің құқықтық базасын кеңейту және заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында тиісті ұсыныстар қамтылды. Біріншіден, шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру үшін 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж салығын енгізу ескерілген. Екіншіден, ұлттық заңнамада реадмиссияға арналған құқықтық негіздердің жоқтығынан, ұлттық заңнамаға реадмиссия туралы халықаралық ережелерді енгізу ұсынылады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар адамдардың кетуіне шектеулер көзделген толықтырулар енгізу қарастырылған. .

Соңғы жаңалықтар