+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Шетелдіктер Қазақстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

2019 жылғы 31 желтоқсан 11:01
Бөлісіңіз:
Шетелдіктер Қазақстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, елге келген шетелдіктерді тіркеу тәртібін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түлкібасқа бір жылда 17 мыңнан аса турист келген - аудан әкімі Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалаларын көрсететін туристік маршрут ашылды Маңғыстауға келетін туристер саны өсті

«ІІМ елімізде 30 күнге дейін болатын шетелдік азаматтардың барлық санаты үшін уақытша тіркеуді алып тастайды. Тиісті заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Қылмыстық, қылмыстық-процесуальдық заңнамаларды жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң БАҚ-та жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, қабылдаушы тарап көші-қон қызметін шетелдік қонақтың келгені жөнінде ол елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Бүгінгі күні шетелдіктің Қазақстанда болуы туралы хабарлау рәсімі барынша жеңілдетілген және көші-қон қызметінің бөлімдеріне баруды талап етпейді. Қабылдаушы тарап визалық-көші-қон порталына (www.vmp.gov.kz) кіріп, шетелдік туралы және қажет болған жағдайда оның балалары туралы мәліметтерді толтыруы, толтырылған өтінім нысанына ЭЦҚ көмегімен қол қоюы, 15 минуттан кейін жеке кабинетте сақталатын дайын құжатты алуы қажет.

«Бұл қызмет тегін көрсетіледі және оны Ішкі істер министрлігі 2014 жылдан бастап ұсынып келеді. Биыл бұл қызметті 250 қонақ үй пайдаланып, 110 000 шетелдіктің болғаны туралы мәлімет берді. Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 30 тәуліктен артық болған кезде қабылдаушы тарап (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды және жеке тұлғалар) мейманға уақытша болуға рұқсат ресімдеуге міндетті», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT