+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Шетелдік журналистер Ясауи кесенесімен танысты

2019 жылғы 16 тамыз 07:47
Бөлісіңіз:
Шетелдік журналистер Ясауи кесенесімен танысты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына шетелдік тілшілер келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ясауи кесенесінің жарық және желдету жүйесі тарихи қалпына келтіріледі

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен мәдени баспасөз-турының мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде насихаттау.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сапар барысында UNESCO тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ондағы жәдігерлермен танысқан БАҚ өкілдері Жерасты қылуеті, Жұма мешітін де аралады.

Аустрия, Германия, Италия, Корея, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Швеция, Швейцария сынды мемлекеттердің, атап айтқанда «Specchio Economico» (Италия), «Global Times» (Қытай), «Le Figaro» (Франция), «Korean Broadcasting System» телеарнасы (Корея), «The Holiday Magazine» (Ұлыбритания) 20-ға жуық журналист «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және археолог мамандардан сұхбат алып, пікір алмасты.


«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде төртінші рет өткен баспасөз туры туризмді дамыту және жалпы Қазақстанның дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT