Шетелдік журналистер Түркістанда наурыз мерекесін атап өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркітілдес мемлекеттердің тілшілеріне арналған баспасөз туры 20-22 наурыз аралығында өтті. Мажарстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Башқұртстан журналистерін өңірдің көркем табиғаты, бай тарихы мен жарқын мәдениеті, бұрынғы және қазіргі Түркістанды таныстырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл - аймақтың туристік мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет. Үш күн бойы қонақтар Отырар және Қазығұрт аймақтарын, соның ішінде Арыстан Баб кесенесін, Кеме қалғанының монументін, ботаникалық бақты аралады. Олар Қ.А. Яссауи кесенесі мен Ақмешіт үңгірінде болды. Ондағы көне жәдігерлердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятты.

Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан баспасөз турының қатысушылары сондай-ақ, Түркістан қаласындағы жаңа көпфункционалды «Керуен Сарай» кешені мен басқа да туристік нысандарды аралады. Шетелдік журналистер тобы Наурыз тойын Түркістанда тойлады. Түркі елдерінен келген журналистерге ұлттық ойындар мен қазақ халқының тағамдары ұсынылды.

Сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері «Түркістанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері»атты халықаралық медиа-форумға қатысты. Осы шара аясында «Түркістан медиафорумы: инвестициялық және туристік мүмкіндіктер»атты роуд-шоу ұйымдастырылды.

Айта кету керек, шетелдік журналистер тобы Түркістанның жаңа келбеті таң қалдырды. Қонақтарға киелі Түркістанның заманауи шаһарға айналып, өзінің ежелгі келбетін сақтап қалғанына ерекше қызығушылық танытты.

Түркістан облысының таңғажайып табиғаты мен терең тарихына қаныққан қонақтар баспасөз турының жоғары дәрежеде өткендігін айтып, алғыстарын білдірді.


Соңғы жаңалықтар