Шетелдік журналистер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады

None
None
АҚТАУ. ҚАзақпарат - Маңғыстау облысында «Ғаламдық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын насихаттау аясында мәдени баспасөз туры өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында:

«Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз» деп атап өткен болатын.

Испания, Италия, АҚШ, Қытай, Мысыр, Ұлыбритания, Франциядан келген 15 журналист сапардың бірінші күні Маңғыстаудың туристік жерлері - «Бекет ата» және «Шопан ата» жерасты мешіттеріне барды. Журналистер сапар соңында өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Мысалы, Ұлыбританиялық репортер Мариола Федорчуктің айтуынша,  жергелікті халықтың адам жерлеу салтының Қытай және Жапониямен  ұқсастығы бар.

Сондай-ақ, Шопан Ата қорымының ертедегі жерлеуін Словениямен  салыстырды. Қытайдан келген журналист Чен Руи Маңғыстау жерінде қазақ халқының өзіне тән бай мәдениеті мен дәстүрі кеңінен сақталғанын атап өтті.
nullnull

"Бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз-мұраларға өте бай екенін өз көзімізбен көріп таңғалдық,  осындай мүмкіндікке ие болғанымызға сіздерге үлкен рахметімізді айтамыз. Жергілікті адамдардың ерекше қонақжайлылығын атап өткіміз келеді. Қазақстандағыдай  қонақжайлылықты ешқашан еш жерде көрмедік десек  артық кетпес.  Сондай-ақ, бір айта кететінім, шетелдік туристерді, әсіресе Еуропалық туристреді  ең алдымен елдің ішкі әлемі, сонымен қатар  ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қызықтырады. Сол қызықтардың барлығын осы өңірден көре алдық деуге болады. Ерекше әрі бай табиғатын, қызықты орындары мен тарихын сақтап қалған сіздерге деген қызығушылығымыз зор», - деді Франциялық журналист Изабель Моран.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен жетістіктерін, шағын және орта бизнестің дамуы туралы айтты. Өңір басшысына  Қазақстанның және Маңғыстаудың бірегей мәдениетін сақтау  және туристік әлеуетті дамыту  туралы сұрақ қойылды.
nullnull

«Облыстағы туризмді дамыту мақсатында  кафе мен санитарлық аймақтары бар 10 визит орталықтарын салуды жоспарлап отырмыз,  оның ішінде экскурсиялық және көрме орталығы, сыйлық, ұлттық өнімдер дүкендері болады. Өзбекстан шекарасына дейін 85 шақырым жол құрылысы жүріп жатыр. Жолдың ұзақтығы бойынша туристерге қажетті барлық қолайлы жағдайды ұйымдастыратын орталықтар салынады. Кеше сіздер Бекет Ата мен Шопан Ата қорымдарын көрдіңіздер. Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың ғана емес, тұтас Қазақстанның да сәулеті ерекше тарихи және архитектуралық ескерткіші. Қазақ халқы әдеп-ғұрыптар мен мәдениетін тарихтағы ең қиын кезеңде  де сақтап қалған ел.   Біздің елімізде өзінің мәдениеті, дәстүрі мен тілін сақтаған 130 өзге ұлт өкілдері тұрады. Барлығы бірлік пен тұрақтылықтың арқасында тату-тәтті ғұмыр кешуде», - деді Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар