Шетелдік жұмыс күші бар кәсіпорындарда шиеленісті болдырмау жоспары әзірленуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігін бекітуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы шетел компаниялары қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен еңбекақы мәселесіне ерекше назар аударды. Бүгінгі таңда қызметкерлерге тең еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін енгізу бойынша жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігін бекітуді көздейтін заң жобасы әзірленді, құжат жақын арада Парламентке жіберіледі», - деді ол.

Г. Әбдіқалықованың сөзіне қарағанда, қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін шетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда шиеленістің алдын алу және болдырмау іс-шаралар жоспары әзірленуде.

«Кейбір кәсіпорындарда тексерулер жүргізу жоспарланған. Оның қорытындысына сәйкес, заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша кешенді ұсыныстар әзірленетін болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар