Шетелдік жанкүйерлер Димаштың туған күнін атап өтуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін танымал қазақстандық әнші Димаш 26 жасқа толды, оның қытайлық жанкүйерлері әлеуметтік желі арқылы әншінің туған күнін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көптеген адамдар туған күнді тойлауға арналған қысқа бейнероликтер жасап, осылайша Димашқа тілектерін білдірді.

Кейбір жанкүйерлер Димашты туған күнімен құттықтау үшін түсірілген қысқа метражды фильмдерде ән айтып, би билеп, фортепианода ойнады.

Кейбір жанкүйерлер Димаш үшін сүйкімді портретін әзірлеген.


Қытайда жиі қолданылатын әлеуметтік желі Weibo-да, көптеген жанкүйерлер Димаштың жеке аккаунтында туған күнге арналған құттықтауын қалдырды. Туған күнге арналған парақшада пікір қалдырған және бөліскен адамдар саны 20 000-нан асты және ол әлі де өсіп келеді.


Еске сала кетсек, Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне сыйлық ретінде шөлге 3 мыңнан астам тал екті.


Соңғы жаңалықтар