Шетелдік валюта саудасының көлемі артты

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Нарықта шетелдік валюта саудасының көлемі өсті. Бұл туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сәуір айында шетел валюталарының нарығына 32 KASE мүшелері қатысты.

2018 жылдың сәуір айында шетел валюталары сауда-саттығының көлемі өткен аймен салыстырғанда 89,2 % артып (2 есе) немесе 682,3 млрд теңгеге артқан. 

 «АҚШ тарапынан Ресейге қарсы  жаңа санкциялар енгізу түріндегі сыртқы шоттар USD/RUB бағамының жоғары өтімділігінің себебінен, рубльді теңгеге қатысты әлсіретті. Негізгі сауда-саттық серіктестінің валютасының әлсіреуі теңгенің долларға қатысты құлдырауына  себеп болды. Осылайша, 10 сәуір күні сауда-саттық көлемі 807,5 млн долларды құрап, 2014 жылдың желтоқсанынан бергі жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Ал 9 және 11 сәуір аралығындағы доллардың бағамы 10 теңгеге өсті. Сәуір айының екінші жартысында бір баррельге 70 АҚШ долларынан астам бағамен саудаланған Brent эталонды маркасының белгіленген жоғарғы құны нарық қатысушылары тарапынан еленбеді»,- деді  «Қазақстан қор биржасы» АҚ төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Ресей рублі сәуір айының қорытынды есебінде теңгеден 5,1 % -ға төмендеген. Ал теңге атаулы шамадан 2,2 % -ға әлсіреген. Долларға қарағанда ұлттық валюта юаньнан 1,7% -ға азайып, доллар мен евро курсы теңгеден 0,2 % -ға өскен.

«Егер бұған дейін доллар саудасы 320 теңге шамасында болса, қазір Ресей рублімен теңесіп 327 теңгеге көтерілген», - деді  Андрей Цалюк.

KASE төрағасы орынбасарының айтуынша, мұнайдың бағасы өсіп, шетелдік трейдерлердің Қазақстан валютасының тұрақтап тұрғанына қызығушылық танытып отырғанын ескерсек  жақын арада валюта бағамының құлдырауынан қауіп жоқ деп айтуға болады.

Авторы: Арайлым Жолдыбаева

Соңғы жаңалықтар