«Шетелдік телехикаялар қазақстандық жастардың санасын улап жатыр» - республикалық басылымдарға шолу

None
None
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат агенттігі республикалық басылымдарда маусымның 11-і, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Бүгін Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісі болады. Оның қорытындысында ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстанға өтеді. Осы жайт арқау болған мақала «Егемен Қазақстан» газетінің жұма күнгі нөмірінде «Өңірлік қауіпсіздік - ортақ мүдде» деген тақырыппен басылды. Қазақстан басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев кеше Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Өзбекстан Республикасы­ның Президенті Ислам Каримов­пен, Ресей Федерациясының Прези­денті Дмитрий Мед­ведевпен екі­жақты кездесу өткізіп, жиынға қа­тысты мәселелер жөнін­де пікір алмасқан. «Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­на мүше мемлекеттер бас­шыла­ры кеңесінің отырысы бүгін бо­лады. Алдымен ұйымға қа­тысушы мемлекеттер басшы­лары­ның шағын құрамдағы отырысы өтеді, одан соң Кеңес отырысы кеңейтілген құрам­да жалғасады. Кеңес отырысынан соң қоры­тынды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ Кеңестің осы мәжілісінде Шанхай ынты­мақтастық ұйы­мына төраға­лық ету Қазақстанға өтеді», деп жазады басылым.

Сондай-ақ осы айтулы шараға кеңінен тоқталған «Казахстанская правда» газетінің жазуынша, Өзбекстан астанасындағы алқалы жиын барысында қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар лаңкестікпен, экстремизммен, есірткі бизнесімен күрес мәселелерін, Ауғанстан мен Қырғызстандағы оқиғалар сынды бірқатар халықаралық проблемаларды талқыға салмақ.

«Егемен Қазақстан» газетінің ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткен. Отырысқа қатысушылар университеттің даярлық орталығына оқытуға қабылдау ережелерін, оның Халықаралық консультативтік және Өнеркәсіптік кеңестерінің құрамын бекітті, сондай-ақ университет қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелерін қарады. Астананың жаңа университетінің ашылуы 2010 жылғы маусымның 28-іне белгіленіп отыр, бұл күні жетекші халықаралық оқу орындарымен - университет әріптестерімен серіктестік келісімдерге қол қою жоспарлануда. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында Астананың жаңа университетіне қабылдау емтихандары өтіп жатыр. Оған 3 мың талапкерден өтінім түсті, солардың ішінен 500 таңдаулы студент іріктеліп алынбақ.

«Маусымның 10-ында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бастаған делегация Дания Корольдігінде ресми сапармен болды», деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті жұма күнгі санында. Сапар аясында аталған елдің Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Лене Эсперсенмен келіссөздер өткізген. Кездесу барысында Л.Эсперсен ханым ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалыққа, оның ішінде Қырғызстандағы дағдарысты реттеуге жоғары баға берген. Сондай-ақ ЕҚЫҰ саммитін биылғы жылы өткізу туралы Қазақстанның бастамасына қолдау білдіріп, ауған проблемасының бүкіл күрделі сипатын ескере отырып, бұл мәселе саммиттің күн тәртібінде негізгі тақырыптардың бірі болуы керектігін атап өткен.

***
«Жаңа министрлерден жаңа жемқорлар шықты». «Алаш айнасы» газетінің жұма күнгі нөмірінде осы тақырыппен басылған мақалада Қаржы полициясының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірнеше лауазымды қызметкерін ұстағандығын баяндаған. «Олардың біреуі пара алғандығы үшін сотталса, тағы екеудің қылмысына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы, биыл пара алу деректері өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көбейіп кеткен», деп жазады басылым. Мақаланың егжей-тегжейін оқығыңыз келсе басылымның бүгінгі санына назар салыңыз.

«Үкіметтің кешегі отырысында басты рөлде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «ойнады». Олай дейтін себебіміз, Ж.Түймебаев өзі бас болып дайындап шыққан еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы көкпарға түсті», деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Кеңес барысында Үкімет басшысы К.Мәсімов бағдарламаның кемшін тұстарын атап көрсетіп, бұл орайда жастар саясатына қатысты мәселесін жетілдіре түсуді жүктеген. «Өзге арналардан көрсетіліп отырған сериалдар біздің жалпы насихаттау шараларына қарағанда ықпалды әрекет етіп жатыр. Себебі қанша тырысқанымызбен, ақпараттық ықпал ету, яғни оның ішінде басқа елдердің телесериалдары жастарға өте қатты әсер етеді», депті Үкімет басшысы. Мақала «Шетелдік телехикаялар қазақстандық жастардың санасын улап жатыр» деген тақырыппен жарияланды.

***

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, кеше Қазақстан Президентінің Қырғызстанмен ынтымақастық жөніндегі арнайы өкілі Болат Өтемұратов өтпелі кезеңдегі Қырғызстан уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отынбаевамен және оның орынбасарлары Темір Сариевпен, Өмірбек Текебаевпен кездескен. Р.Отынбаевамен кездесуде Қырғызстанның жаңа конституциясын қабылдау жөніндегі референдумды әзірлеу және өткізу ауқымындағы ынтымақтастық мәселелері, әлеуметтік-экономикалық проблемалар, соның ішінде туристік маусымды ұйымдастыру жайы талқыланған. «Қазақстандық тарап Қазақстан аумағындағы қырғызстандықтардың референдумға қатысуы үшін жағдай туғызуға көмек көсретуге әзір екендігін білдірді», деп жазады басылым.

«Айқын» газетінің дәстүрлі «Ақ сөйле!» айдарының бүгінгі қонағы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ақ-ның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаевпен арадағы сұхбат «Ең бастысы, кино индустриясы сала ретінде қалыптасуы қажет» деген тақырыппен басылған. Басылым тілшісінің сан түрлі сауалдарына тұщымды жауап берген ол «кино өндірісінің әлі бізде қалыптаса қоймаған көптеген алғышарттары бар. Оларды орнықтыру үшін жүйелі жұмыс қажет. Бастысы, имиджге, ұлт мұратына қатысты фильмдермен қатар көрермен талабынан шығатын фильмдер де болғаны дұрыс. Ондай фильмдердің болуы, жалпы, толыққанды кино өндірісі үшін де, қосымша инвесторлар тарту үшін де керек», депті.

Бүгін Африка құрылығында футбол жанкүйерлері 4 жыл бойы асыға күткен әлем чемпионаты басталады. Осыған орай «Айқын» газетінің спорт беті осы чемпионатқа толығымен арналған. «Қара құрлықтағы «қақтығыс» деген тақырыппен берілген мақаладан сіздер дүниежүзілік доп добасының тарихы, елең етерлік оқиғалар және 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты қызық деректерге қанық боласыздар.

«Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде «Кедендік одақ көлікті арзандатады» деген тақырыппен мақала жарияланды. Еліміздің Экономикалық даму министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, 3 жылдан кем емес және 10 жылдан аспаған сұранысқа ие автомобильдерге кеден салығы әлдеқайда төмен болмақ. «Дәлірек айтқанда, қаңтардың 1-інен бастап енгізілген бірегей кеден салығынан 2-3 есе арзан болады. Мәселен 3 пен 10 жыл аралығындағы Тойота Королла көлігіне салынатын алым - 5000 еуро болса, бұдан былай жеке тұлға үшін жеңілдетілген режім бойынша 640 еуро болады»,

Соңғы жаңалықтар