Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 31 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Шетелдік тауық етінен сальмонелла мен ішек таяқшасы табылды - Бекшин

2018 жылғы 14 наурыз 17:01 1396
Бөлісіңіз:
 Шетелдік тауық етінен сальмонелла мен ішек таяқшасы табылды - Бекшин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин шетелден келетін тауық етіне жасалған сараптаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Науқастар мен жүкті әйелдерге жоспарлы тексерілу туралы SMS жіберіледі - ДСМ Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін шипажай ашылды

«Біз сальмонелла, листерия, ішек таяқшасы сияқты потогенді микрофлорасы бар өнімдерді анықтадық. Соның ішінде «Брянский бройлер», «Чебаркульская птица», «Нагайбакск құс кешені», «ФинИнвест», «Инжевинск құс фабрикасы» және «Приосколье» бар. Бұның барлығы - Ресейдің өнімдері. Бұдан бөлек, АҚШ-тың екі компаниясы, сондай-ақ, Беларусьтың «Куриное царство Брянск», «Смолевича Бройлер», «Витебск бройлер фабрикасы», «Дружба құс фабрикасы» мен «Серволюкс Агро»-ның өнімдерінде қауіпті микрофлора анықталды», - деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Аталған тауық өнімдерінің патогенді микрофлорасы 0,5-3,5 есеге артық болып шықты.

Бас дәрігердің айтуынша, шетелдік компаниялар тауық етінің салмағын арттыру үшін фосфаттарды пайдаланады. Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан аймағында фосфаттар түріндегі қоспаларды қолдануға тыйым салынған. Алайда өндірушілер заңды бұзып, фосфаттардың көмегімен өнімнің ылғалдылығын көбейтіп отырады.

«Мәселен, егер жай суды қоссақ, онда ол мұзға айналып, етті жыртып жібереді. Ал фосфаттар етке сіңіп кетеді де, ағып кетпейді», - деп атап көрсетті Ж.Бекшин.

Фото: ria.ru

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат