+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Шетелдік танымал мультфильм арналары қазақшалануы мүмкін

2020 жылғы 13 тамыз 15:04
Бөлісіңіз:
Шетелдік танымал мультфильм арналары қазақшалануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік танымал мультфильм арналары қазақшалануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ал, енді тіл мәселесі - бұл руханияттың өзегі. Бұл ретте де қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тапсырмасымен қарастырылып жатқан бастамалар бар. Мәселен - еліміздің кабельдік операторлары арқылы тарайтын шетелдік телеарналарды қазақ тіліне аудару. Әрине, кез келген елдің ертеңі - бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты шетелдік танымал мультфильм арналарынан бастау керек деген ұсыныс бар. Сөз жоқ, бұл бастамалар әлі қоғамдық талқылаудан өтіп, тиісті мамандардың, сарапшылардың, зиялы қауымның, ата-аналардың қолдауымен болатын дүниелер», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үшін ең бірінші міндет - бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігі.

«Бұл бағытта министрліктің барлық мүмкіндігі және ең бастысы, толық түсінігі бар. Руханият мәселесі бұл - жалғыз мемлекеттікі емес, ортақ мәселе. Сондықтан да оған қолжеткізу үшін бір ғана мемлекеттің жұмысы аз. Әрбір азамат атсалысуы керек деп ойлаймыз. Сонда ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жаңа серпін көретін боламыз»,- деді Болат Тілепов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT