Шетелдік соттарда қанша қаржы елге қайтарылды - Әділет министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы мемлекет мүддесі екі миллиард АҚШ долларынан астам қажы көлемінде қорғалып қалды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы мемлекет мүддесі шетелде 26 арбитраждық және сот ісін қарау кезінде қорғалды. Сондай-ақ 4 жаңа іс бойынша жұмыс басталды», - деп тоқталды вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, есепті кезеңде мемлекет мүддесі екі миллиард АҚШ долларынан астам қажы көлемінде қорғалған.

«2019 жылы қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға 100-ден астам шарт жобалары мен 15 лицензия жобалары сапалы түрде пысықталды. Қазақстан Республикасы кепілдігімен бекітілетін екіжақты инвестициялық келісімдер мен займ шарттарына заңгерлік сараптама жүргізілді», - деді Алмат Мадалиев.



Соңғы жаңалықтар